Нұра кенті бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша тарифтерді бекіту туралы

Нұра кенті бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша тарифтерді бекіту туралы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 177 шешімі

 

 

 

ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық

бақылау банкінде 2025 жылы 17 қыркүйектегі

жарияланды ҚР НҚА мемлекеттік тізімінде

№ 214289 болып тіркелді

 

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Нұра кенті бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Нұра аудандық

мәслихатының төрағасы                                               К. Жунусбеков

 

 

 

 

Нұра аудандық мәслихатының

2025 жылғы «17» қыркүйектегі

№ 177 шешіміне

қосымша

 

 

Нұра кенті бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері

 

Атауы

 

Есептеу бірлігі

Қызмет құны (теңге)

 

Тұрғындар үшін (жеке және көпқабатты үйлер)

 

Тұрғын/айына

300,00

Заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар үшін тариф

 

1 м3 үшін

2 889,00

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін тариф

Айына 1 қызметкер үшін

254,2

 

 

Ескерту: келесі мөлшерінде жеңілдіктер қарастырылған:

30 % жеңілдік - көпбалалы отбасыларға.

Жеңілдіктер тұтынушы өтініш берген күннен бастап есептеулерге растайтын құжаттармен бірге қолданылады.

 

Дата публикации
26 сентября 2025