Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясының күн тәртібі туралы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясының

күн тәртібі туралы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 172 шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХV (жиырма бесінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 130 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 131 «2025-2027 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Нұра ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
  4. Нұра кенті бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша тарифтерді бекіту туралы.
  5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  6. Нұра ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  7. Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  8. Нұра ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                             К. Жунусбеков

 

Дата публикации
17 сентября 2025