Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының
округтік және учаскелік сайлау комиссияларының
бос орындары туралы
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (Бұдан әрі-сайлау туралы Заң) 10-бабына сәйкес, Қарағанды облысының Нұра аудандық мәслихаты кейбір округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындары туралы хабарлайды.
Округтік және Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Әрбір саяси партия тиісті округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда аудандық мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссияларын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылдың 1 тамызының сағат 09.00-ден 15 тамыздың сағат 18.00-ге дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) тиісті округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері;
5) жеке куәлігінің көшірмесі.
Округтік және Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың округтік және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-nurinsk/activities/directions?lang=kk).
Округтік және Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам сайлау туралы Заңның талаптарына сай болуы керек.
Округтік және Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Округтік және Учаскелік сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір округтік және учаскелік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Округтік және Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 15 тамызына дейін дүйсенбі жексенбі арасында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44.
Жауапты тұлға: Назгүл Қанаят, кабинет № 5, қызметтік телефон: 8 (721 44) 22 780, ұялы телефон: 8 777 290 92 93, электрондық пошта мекен-жайы: maslihatnurinsk@mail.ru.
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты 1 округтік және 2 учаскелік сайлау комиссиясының бос орындарына мүшелерін сайлайды:
Округтік сайлау комиссиялары – 1:
|
№
|
Округтік сайлау комиссиясының нөмірі
|
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Округтік сайлау комиссиясының мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
Бос орын саны |
|
1 |
1 |
Аудандық мәдениет үйі
|
Нұра кенті, Абай көшесі, 35
|
5 |
1 |
Учаскелік сайлау комиссиясы – 2:
|
№
|
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы
|
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
Бос орын саны |
|
1 |
534 |
Мәдениет үйінің ғимараты |
Кәрім Мыңбаев ауылы, Бейбітшілік көшесі, 21
|
5 |
1 |
|
2 |
544 |
Мектеп ғимараты |
Құланөтпес ауылы, Мұқанов көшесі, 1 |
5 |
1 |
Қарағанды облысы
Нұра аудандық мәслихаты