2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы

2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 маусымдағы

№ 162 шешімі

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және 2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы аудан әкімдігі ұсынған есебін қарастыра отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

«2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы» есебі осы шешімнің қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 6 648 060,1 мың теңге, оның ішінде; 

- салық түсімдері 2 210 573,2 мың теңге; 

- салықтық емес түсімдер 596 915,3 мың теңге;

- негізі капиталды сатудан түскен түсімдер 24 029,7 мың теңге;               

- трансфердің түсімдері 3 816 542,0 мың теңге;          

2) шығындар 7 322 013,1  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 121 861,3 мың теңге:

- бюджеттік кредиттер 205 856,0 мың теңге;

- бюджеттік кредиттерді өтеу 83 994,7 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо алу 0 мың теңге;

5) бюджеттің дефициті -795 814,3 мың теңге;

6) бюджеттің дефицитің қаржыландыру 795 814,3 мың теңге;

- қарыздардың түсімдері 1 265 897,0 мың теңге;

- қарыздарды өтеу 160 596,4 мың теңге;

Бюджеттік қаржының игерілмей қалған қалдығы -309 486,4 мың теңге.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                            К. Жунусбеков

Дата публикации
20 июня 2025