Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округіндегі Қарақасқа ауылын құру (ауыл мәртебесін қалпына келтіру) туралы ұсынысты Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының қарауына енгізу туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округіндегі Қарақасқа ауылын құру (ауыл мәртебесін қалпына келтіру) туралы ұсынысты Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының қарауына енгізу туралы

 

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі

№ 18/02 қаулысы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі

№ 158 шешімі

 

(бірлескен қаулы және шешім)

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 2-тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі                   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарағанды облысының әкімдігіне және Қарағанды облыстық мәслихатына Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округіндегі Қарақасқа ауылын әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде қайта құру (ауыл мәртебесін қалпына келтіру) туралы, 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қарақасқа ауылының әкімшілік шекаралары шегінде, ұсыныс енгізілсін.
  2. Қарағанды облысы әкімдігінен және Қарағанды облыстық мәслихатынан Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 32/03 бірлескен қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихатының ХХІ сессиясының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 265 шешімінің (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2010 жылдың 13 қаңтарында № 1876 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 49929 болып тіркелді) 1-тармағының                      5) тармақшасындағы «және Қарақасқа ауылының – елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты» деген сөздерді жою туралы шешім қабылдауын сұрау.
  3. Осы бірлескен Нұра ауданы әкімдігі қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің орынбасары - Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.

 

 

         Нұра ауданының әкімі                                                             Б. Муканов

 

         Нұра аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     К. Жунусбеков

Дата публикации
05 мая 2025