Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХІІ сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 154 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ (жиырма екінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 130 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 131 «2025-2027 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округіндегі Қарақасқа ауылын құру (ауыл мәртебесін қалпына келтіру) туралы ұсынысты Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының қарауына енгізу туралы.
- Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков