Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының қарауына Нұра ауданы Нұра кентінің құрамдас бөліктерінің атауы бойынша ұсыныстар енгізу туралы

Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының қарауына Нұра ауданы Нұра кентінің құрамдас бөліктерінің атауы бойынша ұсыныстар енгізу туралы

 

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі

№ 16/04 қаулысы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі

№ 149 шешімі

(бірлескен қаулы және шешім)

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының  4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Халықтың пікірін есепке алу қорытындысы бойынша Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының қарауына қосымшаға сәйкес Нұра ауданы Нұра кентінің құрамдас бөліктерінің атауы бойынша ұсыныс енгізілсін.
  2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.

 

 

         Нұра ауданының әкімі                                                             Б. Муканов

 

 

         Нұра аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     К. Жунусбеков

 

 

 

Бірлескен

Нұра ауданы әкімдігінің

2025 жылғы «14» сәуірдегі

№ 16/04

қаулысы мен

 

Нұра аудандық мәслихатының

2025 жылғы «15» сәуірдегі

№ 149 шешіміне

қосымша

 

 

Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының қарауына Нұра ауданы Нұра кентінің құрамдас бөліктерінің атауы бойынша ұсыныстар

 

 

  1. Нұра ауданы Нұра кентінің құрамдас бөліктеріне мынадай атаулар берілсін:

 

1) Нұра кентінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан жаңадан салынған көшеге – «Рақымжан Қошқарбаев» атауы;

 

2) Нұра кентінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан жаңадан салынған көшеге – «Әмен Хайдаров» атауы;

 

3) Нұра кентінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан жаңадан салынған көшеге – «Хайретдин Болғанбаев» атауы.

Дата публикации
15 апреля 2025