Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХІ сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 147 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ (жиырма бірінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының қарауына Нұра ауданы Нұра кентінің құрамдас бөліктерінің атауы бойынша ұсыныстар енгізу туралы.
- Нұра ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Аудан әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Нұра ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков