Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУЫ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Нұра ауданы Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы – 11 адам, оның ішінде: 1 адам – мемлекеттік органның өкілі, 10 адам - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар.
Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс тек коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар арасында ғана өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44, № 5 кабинет мекен жайы бойынша береді немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді (maslihatnurinsk@mail.ru.):
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын (еркін түрде) және (немесе) азаматтың өтінішін (өтініш үлгісін Нұра аудандық мәслихаттың сайтынан осы сілтеме (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-nurinsk/documents/details/795510?lang=kk.) арқылы жүктеп алуға немесе Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44, № 5 кабинеттен алуға болады);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер үлгісін Нұра аудандық мәслихаттың сайтынан осы сілтеме (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-nurinsk/documents/details/782262?lang=kk.) арқылы жүктеп алуға немесе Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44, № 5 кабинеттен алуға болады);
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді (келісім үлгісін Нұра аудандық мәслихаттың сайтынан осы сілтеме (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-nurinsk/documents/details/782267?lang=kk.) арқылы жүктеп алуға немесе Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44, № 5 кабинеттен алуға болады);
6) жеке куәлігінің көшірмесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің ұсыныстарын қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанына дейін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Байланыс телефоны: 8 (721 44) 22 780.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
бойынша жұмыс тобы