Нұра ауданының Қоғамдық Кеңесін
азаматтық қоғамнан қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
ШЕШІМІ
Нұра кенті № 1 6 ақпан 2025 жыл
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес:
Жұмыс тобының
басшысы Д. Алшинбаев
Жұмыс тобы басшысының
2025 жылғы «6» ақпандағы
№ 1 шешіміне
1-қосымша
Нұра ауданының Қоғамдық Кеңесін азаматтық қоғамнан қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы:
|
1. Данияр Төлеутайұлы Алшинбаев
2. Қозы Азаматұлы Байталяков
3. Фаниль Фанауиұлы Гизатулин
4. Ерлан Аманжолұлы Жунусов
5. Хұмар Әділбек
6. Нұрхан Нұржанұлы Темиров
7. Данияр Оразұлы Уатай
|
- «Amanat» партиясы Нұра аудандық филиалының төрағасы, жұмыс тобының басшысы
- «Нұра аудандық мәслихат аппараты» ММ-нің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы
- «Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары мен Нұра ауданының мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ өкілдігінің төрағасы, жұмыс тобының мүшесі
- Нұра ауданының мансап орталығының директоры, жұмыс тобының мүшесі
- Нұра ауданы мәдениет үйінің директоры, жұмыс тобының мүшесі
- «Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі
- Нұра ауданы сайлау комиссиясының төрағасы, жұмыс тобының мүшесі |
Жұмыс тобы басшысының
2025 жылғы «6» ақпандағы
№ 1 шешіміне
2-қосымша
Қоғамдық кеңес туралы ереже (ЖОБА)
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
1-параграф. Қоғамдық кеңесті азаматтық қоғамнан қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу
Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, мәслихат төрағасы және квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.
Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және мемлекеттік органдардың шешімімен тағайындалатын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, мемлекеттік мекемелердің басшыларын қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді;
6) жеке куәлігінің көшірмесін жібереді.
Жұмыс тобының мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Жергілікті өкілді орган жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсты жариялаумен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайларын көрсете отырып, байқаушылардың тізімін қалыптастыру туралы хабарландыруды орналастырады.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті жергілікті өкілді органға береді не электрондық поштасына жібереді.
1) халықты Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
2) бірінші отырыста Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын:
- жергілікті деңгейде Заңның 2-1-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының ережелерін ескере отырып айқындайды.
3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;
4) Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады;
5) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.
1) жергілікті өкілді органның атауы,
2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;
3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді;
6) жеке куәлігінің көшірмесін жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған кандидаттардың кәсіпқойлық, жеке қасиеттерін және қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы білуін анықтауға бағытталған, сондай-ақ Қоғамдық кеңеске үміткер мүшелікпен байланысты сұрақтар қойылады.
Қойылатын сұрақтар барлық қатысушы кандидаттар үшін бірдей және саны тең мөлшерде болуы тиіс.
Кандидат пен жұмыс тобының келісуі бойынша әңгімелесу барысы бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен көрсетілуі, сондай-ақ қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі.
Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобының басшысы шешуші дауыс беру құқығын өзіне қалдырады.
34-1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар қатарынан резервтік тізімге қоюды жұмыс тобы конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды беру күніне байланысты кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
Жұмыс тобының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін, резервтік тізімнен кандидаттарды одан әрі іріктеуді Қоғамдық кеңес өз бетінше жүргізеді.
Резервтік тізімде тұрған әрбір кандидат жазбаша өтініш негізінде өз қалауы бойынша одан шығады.
Азаматтық қоғам өкілдігінен сайланған Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттігі тоқтатылған кезде жаңа мүшені іріктеу резервтік тізімнен жүзеге асырылады.
Қоғамдық кеңес резервтік тізімнен Қоғамдық кеңестің құрамына алынған жаңа мүшелерді мәслихат төрағасы бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның, интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жаңа мүшені іріктеуді Қоғамдық кеңес қосымша конкурс өткізу жолымен жүзеге асырады.
1) жергілікті өкілді органның атауы;
2) құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайлары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру мерзімі, олардың тізбесі және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар;
3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді;
6) жеке куәлігінің көшірмесін жібереді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
Әңгімелесу аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері әрбір кандидат бойынша ашық дауыс береді.
Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңестің құрамына сайланған болып есептеледі.
Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы шешуші дауыс беру құқығын өзіне қалдырады.
Қоғамдық кеңес құрамына қосымша конкурс қорытындысымен сайланған кандидаттарды мәслихат төрағасы бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның, интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
2-параграф. Қоғамдық кеңестің жұмыс органдарын ұйымдастыру
1) зерделенетін мәселелер бойынша материалдармен алдын ала танысуды және қарау қорытындылары бойынша оның бағытына сәйкес мәселелерді Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысында қарауға дайындауды жүзеге асырады; және оның бағыттарына сәйкес оларды Қоғамдық кеңестер комиссияларына қарауға ұсынады;
2) зерделенетін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындайды және оларды қоғамдық кеңестер комиссияларында қарау үшін оның бағытына сәйкес ұсынады.
Сараптама тобының зерделенетін мәселелер бойынша қорытынды материалдарын Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясының ұсынысы бойынша қарайды.
49-1. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамының бірінші отырысында қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, төралқа құрамы, Қоғамдық кеңес комиссия құрамдары сайланады.
Төраға мен төралқаның құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасынан азаматтық қоғамнан сайланады.
Төралқа мүшелерінің санын Қоғамдық кеңес өз бетінше айқындайды.
Өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңестің төрағасы өз міндеттерін атқаруды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
Қоғамдық кеңес төрағасының өкілеттігі тоқтатылған жағдайда, оның өкілеттігі жаңа төраға сайланғанға дейін Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша төралқа мүшелерінің біріне беріледі.
3-тарау. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері
50-1. Қоғамдық кеңес өз қызметін ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Жұмыс жоспарлары Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалады және Қоғамдық кеңес туралы ережеге сәйкес Қоғамдық кеңестің отырысында бекітіледі.
Қоғамдық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
Отырыстарды дайындау және өткізу кезінде Қоғамдық кеңес мынадай:
1) отырыстардың күн тәртібін, өткізу мерзімдері мен орнын талқылау және бекіту;
2) Қоғамдық кеңестің отырысына шығарылатын мәселелерді дайындау;
3) осы ереженің 53-тармағына сәйкес қажетті қатысушыларды шақыру;
4) отырыс өткізу мәселелерін қарайды.
Қоғамдық кеңестің отырыстарын Қоғамдық кеңестің төрағасы не оны алмастыратын адам жүргізеді.
Қоғамдық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы қол қояды және тиісті интернет-ресурста жарияланады.
Отырыстарды өткізудің өзге де мәселелерін Қоғамдық кеңес туралы ережеге сәйкес Қоғамдық кеңес өз бетінше айқындайды.
Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Қоғамдық кеңес хатшысы Қоғамдық кеңес мүшелерін, шақырылатын адамдарды және отырыстың өзге де қатысушыларын отырысты өткізу туралы алдын ала, бірақ ол өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
1) өз құзыреті бойынша тиісті мемлекеттік органға немесе жергілікті өкілді органға өтініш жіберу туралы;
2) осы өтінішті Қоғамдық кеңестің отырысында қарау туралы;
3) келіп түскен өтінішті қарау бойынша қоғамдық бақылау нысандарының бірін өткізу туралы.
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) жергілікті мемлекеттік басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
Қоғамдық кеңес туралы
Ережеге 1-қосымша
Нысан
Кімге _____________________
_____________________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
______________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № __________,
берілді (қашан, кім))
_______________________________
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы «____» Өтініш берушінің қолы ___________
Қоғамдық кеңес туралы
Ережеге 2-қосымша
Нысан
Кімге _____________________
_____________________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
______________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № __________,
берілді (қашан, кім))
_______________________________
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы «____» Өтініш берушінің қолы ___________