Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылардың тізімін қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАНДЫРУЫ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережедегі нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға жеке куәлігінің көшірмесін және өтінішті жергілікті өкілді органға Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44, № 5 кабинет мекен жайы бойынша береді не электрондық поштасына (maslihatnurinsk@mail.ru.) жібереді.
Өтініш үлгісін Нұра аудандық мәслихаттың сайтынан осы сілтеме (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda nurinsk/documents/details/782242?lang=kk) арқылы жүктеп алуға немесе Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44, № 5 кабинеттен алуға болады.
Байқаушы ретінде қатысуға ниет білдірген азаматтардың, бұқаралық ақпараттық құралдардың, коммерциялық емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау 2025 жылдың 24 қаңтарына дейін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Байланыс телефоны: 8 (721 44) 22 780.
Қарағанды облысы
Нұра аудандық мәслихаты