Аудандық мәслихаттың
кезекті ХІХ сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 127 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті ХІХ (он тоғызыншы) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Нұра ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі.
- 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- 2025-2027 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы.
- «Нұра аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған құрылымын бекіту туралы.
- «Нұра аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған қаржыландырудың жеке жоспарын бекіту туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2025 жылға жұмыс жоспарын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков