Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 47 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 125 шешімі
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 6689-09 болып енгізілді
Аудандық мәслихат ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерінің (бұдан әрі – Тәртіп) 7 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері тоқсан сайын әрбір мүгедектігі бар балаға тоғыз айлық есептік көрсеткішке тең.»;
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (он сегіз жасқа толу, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Нұра ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кету), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.».
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков