Нұра ауданының учаскелік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 126 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 7-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданының келесі учаскелік сайлау комиссияларына:
- № 625 учаскіге (Ахмет ауылы):
- Серых Елена Васильевна.
- № 633 учаскіге (Кәрім Мыңбаев ауылы):
- Әлмағамбет Алтынай Мұратқызы.
- № 636 учаскіге (Жараспай ауылы):
- Искендирова Дарига Балтабековна;
- Шакенова Зульфира Нұркенқызы.
- № 644 учаскіге (Жанбөбек ауылы):
- Жузбаева Лайла Айтугановна;
- Сулейменова Айгуль Майрамбековна;
- Сартаев Жанбота Сейткалиевич.
- № 649 учаскіге (Талдысай ауылы):
- Мадиев Ержан Серикович мүшесі болып сайлансын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков