Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІІ сессиясының
күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 120 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІІ (он сегізінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 61 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 62 «2024-2026 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 47 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Нұра ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков