Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының кейбір учаскелік сайлау комиссияларының бос орындары туралы ХАБАРЫ

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының

кейбір учаскелік сайлау комиссияларының

бос орындары туралы

ХАБАРЫ

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (Бұдан әрі-сайлау туралы Заң) 10-бабына сәйкес, Қарағанды облысының Нұра аудандық мәслихаты кейбір учаскелік сайлау комиссияларының бос орындары туралы хабарлайды.

         Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.

         Әрбір саяси партия тиісті учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

         Саяси партия учаскелік сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.

         Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда аудандық мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша учаскелік сайлау комиссияларын сайлайды.

         Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылдың                        17 қазанның сағат 09.00-ден 1 қарашаның сағат 18.00-ге дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

         1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

         2) тиісті учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

         3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

         4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері;

         5) жеке куәлігінің көшірмесі.

         Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-nurinsk/activities/directions?lang=kk).

         Учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам сайлау туралы Заңның талаптарына сай болуы керек.

         Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

         Учаскелік сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

         Бір учаскелік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

         Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

 

         Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылдың 1 қарашасына дейін дүйсенбі жексенбі арасында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

         Мәслихаттың орналасқан жері: Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44.

 

         Жауапты тұлға: Назгүл Қанаят, кабинет № 5, қызметтік телефон: 8 (721 44) 22 780, ұялы телефон: 8 777 290 92 93, электрондық пошта мекен-жайы: maslihatnurinsk@mail.ru.

 

 

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты 5 учаскелік сайлау комиссиясының бос орындарына мүшелерін сайлайды:

 

Учаскелік сайлау комиссиясы – 5:

 

№

 

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

 

Сайлау учаскесінің мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Бос орын саны

1

636

Мәдениет үйінің ғимараты

Жараспай ауылы, Мәдениет көшесі, 7

 

5

2

2

625

Мәдениет үйінің ғимараты

Ахмет ауылы, Бейбітшілік көшесі, 1

 

5

1

3

649

Мектеп ғимараты

Талдысай ауылы, Сатпаев көшесі, 3

 

5

1

4

633

Мәдениет үйінің ғимараты

Кәрім Мыңбаев ауылы, Бейбітшілік көшесі, 21

5

1

5

644

Мектеп ғимараты

Жанбөбек ауылы, Уалиханов көшесі, 19

5

3

 

 

 

Қарағанды облысы

Нұра аудандық мәслихаты

Дата публикации
16 октября 2024