Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХV сессиясының
күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 тамыздағы
№ 105 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХV (он бесінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
2. Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков