2023 жылғы ауылдар, кенттер және
ауылдық округтер бюджеттерінің
атқарылуы туралы есебін бекіту туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 97 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және 2023 жылғы ауылдар, кенттер және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы аудан әкімдігі ұсынған есебін қарастыра отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«2023 жылғы ауылдар, кенттер және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы» есебі осы шешімнің қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) Кірістер 3 275 206,9 мың теңге, оның ішінде;
салық түсімдері 212 427,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 4 002,7 мың теңге;
негізі капиталды сатудан түскен түсімдер 16 727,1 мың теңге;
трансфердің түсімдері 3 042 050,0 мың теңге;
2) Шығындар 3 229 770,4 мың теңге;
3) Бюджеттің дефициті 45 436,5 мың теңге;
4) Бюджеттің дефицитің қаржыландыру -45 436,5 мың теңге;
Бюджеттік қаржының игерілмей қалған қалдығы -45 436,5 мың теңге.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков