Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 88 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ (он екінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 61 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 62 «2024-2026 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. 2024-2028 жылдарға арналған Қарағанды облысы Нұра ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару бойынша бағдарламасын бекіту туралы.
4. Нұра ауданының құрметті азаматы атағына ұсынылған қолдаухаттарды қарастыру комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков