Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 «Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 81 шешімі
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 6583-09 болып енгізілді
Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 2 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Нұра аудандық
мәслихатының төрағасы К. Жунусбеков
|
Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 81 шешіміне қосымша
Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 шешіміне 2 қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.