Аудандық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 75 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті ХІ (он бірінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Нұра ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебі.
- Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 61 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 62 «2024-2026 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қарағанды облысы Нұра кентінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарымен біріктірілген бас жоспарды түзетуді бекіту туралы.
- Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 «Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
- Нұра ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
- Нұра ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков