Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс Х сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 67 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс Х (оныншы) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы.
2. Нұра ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы.
3. Аудан әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
4. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
5. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
6. Нұра ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков