Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс VІІІ сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 55 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІІ (сегізінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 207 «2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 208 «2023-2025 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков