Аудандық мәслихаттың
кезектен тыс VІІ сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қарашасындағы № 49 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІ (жетінші) сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 207 «2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 208 «2023-2025 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұра ауданы елді мекендерінің жерлерін, бағалау аймақтарының шекараларын аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы.
- Аудан әкімдігінің жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков