Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық Заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Нұра аудандық мәслихаты аумақтық және 34 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптастыратыны туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылдың 9 қарашасынан 9 желтоқсанына дейін Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатына келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-nurinsk?lang=kk).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылдың 9 желтоқсанына дейін дүйсенбі - жұма күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының төрағасы - Қуаныш Өміржанұлы Жүнісбеков.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44.
Жауапты адам - Қанаят Назгүл, каб. № 5, қызметтік телефон нөмірі 8 (721 44) 22 780, электрондық пошта мекенжайы - maslihatnurinsk@mail.ru.
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясын және 34 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
Аумақтық сайлау комиссиясы: Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Талжанов көшесі, 5А, комиссия мүшесі – 7 адам.
Учаскелік сайлау комиссиялары – 34:
|
№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
615 |
Мәдениет үйі |
Нұра кенті |
Абай |
35 |
7 |
|
2 |
№ 616 |
«Б. Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» |
Нұра кенті |
Жауынгер-Интернационалистер |
76 |
7 |
|
3 |
№ 617 |
Ы. Алтынсарин атындағы мектеп
|
Нұра кенті |
Жеңіс |
9 |
7 |
|
4 |
№ 618 |
М. Жумабаев атындағы мектеп
|
Нұра кенті |
Талжанов |
12 |
5 |
|
5 |
№ 619 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Байтуған ауылы |
Әуезов |
42 |
5 |
|
6 |
№ 620 |
Ауылдың клубы |
Қарой ауылы
|
Абай |
22 |
5 |
|
7 |
№ 621 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Мұзбел ауылы |
Жеңіс |
4 |
5 |
|
8 |
№ 622 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Көбетей ауылы |
Қазақстан |
42 |
7 |
|
9 |
№ 623 |
Жеке үй |
Өндіріс ауылы |
Айнабеков
|
14 |
5 |
|
10 |
№ 624 |
Ауылдың клубы |
Егінді ауылы
|
Асылбеков |
12 |
5 |
|
11 |
№ 625 |
Ауылдың клубы |
Ахмет ауылы
|
Бейбітшілік |
1 |
5 |
|
12 |
№ 626 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Шахтерское ауылы |
Бейбітшілік |
1 А |
5 |
|
13 |
№ 627 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Кертінді ауылы |
Мамраев |
10 |
5 |
|
14 |
№ 628 |
А.С. Пушкин атындағы мектеп
|
Алғабас ауылы |
Достық |
1 |
5 |
|
15 |
№ 629 |
Ауылдың клубы
|
Ақмешіт ауылы |
Шалабеков |
26 |
5 |
|
16 |
№ 630 |
Д. Шалабеков атындағы мектеп
|
Қантай ауылы |
Абай |
1 |
5 |
|
17 |
№ 631 |
Балықтыкөл мектебі
|
Балықтыкөл ауылы |
Балабиев |
2 |
5 |
|
18 |
№ 632 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Қайнар ауылы |
Сарыарқа |
2 А |
7 |
|
19 |
№ 633 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
К. Мыңбаев ауылы |
Бейбітшілік |
21 |
5 |
|
20 |
№ 634 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Тассуат ауылы |
Тәуелсіздік |
16 |
5 |
|
21 |
№ 635 |
Ауылдың клубы
|
Заречное ауылы |
Ленин |
10 |
5 |
|
22 |
№ 636 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Жараспай ауылы |
Мәдениет |
3 |
5 |
|
23 |
№ 637 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Изенді ауылы |
Бокаев |
13 |
5 |
|
24 |
№ 638 |
Ауылдың мәдениет үйі
|
Құланөтпес ауылы |
Ә. Бөкейханов |
8 |
5 |
|
25 |
№ 640 |
Жаңа Құрылыс мектебі
|
Жаңа Құрылыс ауылы |
Ынтымақ |
30 |
5 |
|
26 |
№ 642 |
Баршын мектебі
|
Баршын ауылы |
Аблахатов |
10 |
5 |
|
27 |
№ 643 |
Бұрынғы мектеп ғимараты
|
Қарақасқа ауылы |
Габдуллин |
22 |
5 |
|
28 |
№ 644 |
Қарақойын мектебі
|
Жанбөбек ауылы |
Ш. Уәлиханов |
19 |
5 |
|
29 |
№ 645 |
Құланөтпес мектебі
|
Құланөтпес (Теңіз) ауылы |
Муканов |
1 |
5 |
|
30 |
№ 646 |
Нығман мектебі
|
Нығман ауылы |
Рысқұлбеков |
3 |
5 |
|
31 |
№ 647 |
Сарыөзен мектебі
|
Ткенекті ауылы |
Сейфуллин |
1 |
5 |
|
32 |
№ 648 |
Соналы мектебі
|
Соналы ауылы |
Абай |
13 |
5 |
|
33 |
№ 649 |
О. Тұрлыбеков атындағы мектеп
|
Талдысай ауылы |
Сатпаев |
3 |
5 |
|
34 |
№ 650 |
А. Құнанбаев атындағы мектеп |
Шұбаркөл кенті |
Рысқұлбеков |
82 |
7 |
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты