VIII шақырылған Нұра аудандық
мәслихаттың І сессиясының күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
VIII шақырылған Нұра аудандық мәслихаттың І сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:
- VIII шақырылған Нұра аудандық мәслихаттың І сессиясының Редакциалық комиссиясы туралы;
- VIII шақырылған Нұра аудандық мәслихаттың І сессиясының Санақ комиссиясы туралы;
- Нұра ауданы сайлау комиссиясының хабарламасы туралы;
- VIII шақырылған Нұра аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы;
- Нұра аудандық мәслихаттың төрағасын сайлау туралы;
- VIII шақырылған Нұра аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру туралы;
- Нұра аудандық мәслихатының Бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы мен төрағасын сайлау туралы;
- Нұра аудандық мәслихатының Өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы мен төрағасын сайлау туралы;
- Нұра аудандық мәслихатының Әлеуметтік-мәдени дамуы, халықты әлеуметтік қорғау, азаматтардың құқығын қорғау және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы мен төрағасын сайлау туралы.
Нұра аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Д. Уатай