Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІV сессиясының
күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 шілдедегі № 34 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІV сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 207 «2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 208 «2023-2025 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 95 «Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Аудандық жер комиссиясын құру туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков