Нұра ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Нұра ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 30 шешімі

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6447-09 болып енгізілді

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

  1. Нұра ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                             К. Жунусбеков

 

Дата публикации
08 августа 2023