2022 жылғы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы

2022 жылғы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің

атқарылуы туралы есебін бекіту туралы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 28 шешімі

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және 2022 жылғы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы аудан әкімдігі ұсынған есебін қарастыра отырып, аудандық мәслихат                   ШЕШІМ ЕТТІ:

«2022 жылғы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы» есебі осы шешімнің қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) Кірістер 1 010 134,1 мың теңге, оның ішінде:

- салық түсімдер 145 281,8 мың теңге;

- салықтық емес түсімдер 59,5 мың теңге;

- негізі капиталды сатудан түскен  түсімдер 6 792,8 мың теңге;

- трансфердің түсімдері 858 000,0 мың теңге.

2) Шығындар 1 022 285,4 мың теңге.

3) Бюджеттің дефициті -12 151,2 мың теңге.

4) Бюджеттің дефицитің қаржыландыру 12 151,2 мың теңге.

Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 12 151,2 мың теңге.

 

         Нұра аудандық

         мәслихатының төрағасы                                                  К. Жунусбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 августа 2023