2022 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есебін
бекіту туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 27 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және 2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы аудан әкімдігі ұсынған есебін қарастыра отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«2022 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы» есебі осы шешімнің қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) Кірістер 8 017 728,6 мың теңге, оның ішінде:
- салық түсімдер 1 738 799,5 мың теңге;
- салықтық емес түсімдер 45 270,8 мың теңге;
- негізі капиталды сатудан түскен түсімдер 68 591,4 мың теңге;
- трансфердің түсімдері 6 165 067,0 мың теңге.
2) Шығындар 8 216 758,2 мың теңге.
3) Таза бюджеттік кредиттеу 77 720,3 мың теңге:
- бюджеттік кредиттер 136 735,2 мың теңге;
- бюджеттік кредиттерді өтеу 59 014,9 мың теңге.
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо алу 0 мың теңге.
5) Бюджеттің дефициті – 276 749,9 мың теңге.
6) Бюджеттің дефицитің қаржыландыру 276 749,9 мың теңге;
- қарыздардың түсімдері 136 736,0 мың теңге;
- қарыздарды өтеу 57 452,9 мың теңге;
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 197 466,8 мың теңге.
Нұра аудандық
мәслихатының төрағасы К. Жунусбеков