Аудандық мәслихаттың кезекті ІІI сессиясының күн тәртібі туралы

Аудандық мәслихаттың кезекті ІІI сессиясының

күн тәртібі туралы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 25 шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Аудандық мәслихаттың кезекті ІII сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. 2022 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы.
  2. 2022 жылғы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есебін бекіту туралы.
  3. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 «Нұра ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. Нұра ауданында арнайы қолдану кезінде бөлшек салық режимінің салықтар тарифін төмендету туралы.
  5. Нұра ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.
  6. Нұра ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
  7. Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылдың III тоқсанына жұмыс Жоспарын бекіту туралы.

 

         Аудандық мәслихаттың

         төрағасы                                                                             К. Жунусбеков

 

Дата публикации
08 августа 2023