Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІI сессиясының
күн тәртібі туралы
Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 11 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІI сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 207 «2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 208 «2023-2025 жылдарға арналған ауылдар, кенттер және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 18 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыружәне мәдениет саласындағы мамандарға,сондай-ақ Нұра ауданының жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға лауазымдық жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. «Нұра аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
5. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қазандағы № 65 «Нұра аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. «Нұра аудандық мәслихат аппараты» ММ-нің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы.
7. 2023 жылға арналған Нұра ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
8. Аудандық жер комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
9. Аудан әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
10. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
11. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
12. Нұра ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы К. Жунусбеков