Аудандық мәслихаттың кезекті ХХV сессиясының күн тәртібі туралы

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХV

сессиясының күн тәртібі туралы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 205 шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Аудандық мәслихаттың кезекті ХХV сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Редакциалық комиссия туралы.
  2. «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы».
  3. «2023-2025 жылдарға арналған ауылдар, кенттер және ауылдық округтердің бюджеті туралы».
  4. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын 2023 жылы ұсыну туралы.
  5. «Нұра аудандық мәслихатының аппараты» ММ – нің 2023 жылға арналған құрылымын бекіту туралы.
  6. «Нұра аудандық мәслихатының аппараты» ММ – нің 2023 жылға арналған қаржыландырудың жеке жоспарын бекіту туралы.
  7. Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
  8. 8. Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін міндеттерінен босату туралы.
  9. 9. Нұра ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
  10. Нұра ауданының участкелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы.
  11. Нұра ауданының участкелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

 

         Аудандық мәслихаттың

         хатшысы                                                                                  Т. Оспанов

 

Дата публикации
23 декабря 2022