Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының
Округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (Бұдан әрі-сайлау туралы Заң) 10-бабына сәйкес және Нұра аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 25 «Нұра аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларын құру туралы» шешіміне сәйкес, Қарағанды облысының Нұра аудандық мәслихаты Округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптастыруы туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссиялары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.
Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.
Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Әрбір саяси партия тиісті округтік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия округтік сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда аудандық мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша округтік сайлау комиссияларын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылдың 1 қаңтардың сағат 09.00-ден 15 қаңтардың сағат 18.00-ге дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) тиісті округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері;
5) жеке куәлігінің көшірмесі.
Округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың округтік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-nurinsk?lang=kk).
Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам сайлау туралы Заңның талаптарына сай болуы керек.
Округтік сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Округтік сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір округтік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Округтік сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылдың 15 қаңтардың сағат 18.00-ге дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мәслихаттың орналасқан жері: Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44.
Жауапты тұлға: Қозы Азаматұлы Байталяков, кабинет № 5, қызметтік телефон: 8 (721 44) 22 780, ұялы телефон: 8 771 379 26 42, электрондық пошта мекен-жайы: maslihatnurinsk@mail.ru.
Нұра аудандық мәслихаты