Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясының күн тәртібі туралы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV

сессиясының күн тәртібі туралы

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 195 шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

  1. Редакциалық комиссия туралы.
  2. Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 99 «2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 100 «2022-2024 жылдарға арналған ауылдар, кенттер және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Қарағанды облысы Нұра ауданының Тассуат ауылдық округін – Қайнар ауылдық округі және Индустриальный ауылдық округін – Тассуат ауылдық округі деп қайта атау жөніндегі ұсыныс енгізу туралы.
  5. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты ұсыну туралы.
  6. Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі «Аудан әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» № 07/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
  7. Нұра ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қазандағы № 17/06 «Нұра ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияны құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
  8. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы №03/12 «Аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясын құру және аудандық эвакуациялық қабылдау комиссиясының Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
  9. Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 08/17 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

 

         Аудандық мәслихаттың

         хатшысы                                                                                  Т. Оспанов

 

Дата публикации
01 декабря 2022