Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 18«Нұра аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

НҰРА АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТЫ

 

НУРИНСКИЙ РАЙОННЫЙ

МАСЛИХАТ

КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

 

ШЕШІМ

 

РЕШЕНИЕ

                                       № 267  от «24» августа 2026 года

 

                 Нұра кенті                                                                                поселок Нура

 

 

 

 

Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 18«Нұра аудандық  мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  2026 жылғы 14 шiлдедегi «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Нұра аудандық мәслихатының «Нұра аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 18 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

         Нұра аудандықмәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі №18«Нұра аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

 

Нұра аудандық

мәслихатының төрағасы                                                   К. Жунусбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұра аудандықмәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі

№ 18 шешіміне қосымша

Нұра аудандықмәслихатының 2026 жылғы   24 тамыздағы

№  267  шешіміне қосымша

 

«Нұра аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің 

Ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ)     Нұра аудандықмәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, құжаттамалық, материалдық - техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ ведомстволарыжоқ.
  3. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ өзқызметінҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясынажәнезаңдарына, ҚазақстанРеспубликасыПрезиденті мен Үкіметініңактілеріне, өзге де нормативтікқұқықтықактілерге, сондай-ақ осы Ережегесәйкесжүзегеасырады.
  4. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ   ұйымдық - құқықтықнысанындағызаңдытұлғаболыптабылады, ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікЕлтаңбасыбейнеленгенмөріжәнеатауы, мемлекеттіктілдежазылғанмөртабандары, белгіленгенүлгідегібланкілері, ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесқазынашылықоргандарындашоттары бар.
  5. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ азаматтық - құқықтыққатынастардыөзатынанжасайды.

         6.«Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ ҚазақстанРеспубликасының  заңнамасынасәйкесуәкілеттікберілгенжағдайдаолмемлекеттіңатынаназаматтық - құқықтыққатынастардыңтарапыболуғақұқылы.

  1. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ өзқұзыретініңмәселелерібойыншазаңнамадабелгіленгентәртіппенаудандықмәслихаттөрағасыныңөкімдеріменжәнеҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындакөзделгенбасқа да актілерменресімделетіншешімдерқабылдайды.
  2. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ құрылымы мен штат саныныңлимитіҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесбекітіледі.
  3. Заңдытұлғаныңорналасқанжері: ҚазақстанРеспубликасы, индексі 100900, Қарағанды облысы,Нұра ауданы,Нұра кенті,Мыңбаев көшесі,44.
  4. Осы Ереже «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ құрылтайқұжатыболыптабылады.
  5. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ қызметінқаржыландыруҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасынасәйкесжергіліктібюджеттенжүзегеасырылады.
  6. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ кәсіпкерліксубъектілерімен   «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ өкілеттіктеріболыптабылатынміндеттердіорындаутұрғысынаншарттыққарым - қатынасжасауғатыйымсалынады.

         Егер «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ заңнамалықактілерменкіріс   әкелетінқызметтіжүзегеасыруқұқығыберілсе, ондаалынғанкіріс, егерҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындаөзгешебелгіленбесе, мемлекеттікбюджеткежіберіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

    

  1. Мақсаттары:

         1) аудандық мәслихаттың және депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, құжаттамалық,материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

         2) депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

         3) аудандық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

         4) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.

  1. Өкілеттіктері:

         1) құқықтары:

         1-1) тиісті аумақтың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту;

         1-2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;

         1-3) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік - аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

         1-4) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;

         1-5) аудан мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;

         1-6)жасыл екпелердi жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту;

1-7) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекіту;

         1-8) өңірлік нышанды бекіту;

         1-9) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу;

         1-10) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;

         1-11) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

         1-12) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы сайлау;

         1-13) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;

1-14) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;

         1-15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;

         1-16)мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

         1-17) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

         1-18) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;

         1-19)әкімнің ұсынысы бойынша «Нұра ауданының құрметті азаматы» атағын беру;

         1-20) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген «Нура ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

         1-21) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

         1-22) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;

         1-23) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде неке және отбасы институтын нығайту, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау, анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі нысаналы индикаторларды бекіту;

         1-24) елді мекендерді санитариялық тазалау қағидаларын бекіту;

         1-25) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын көтермелеудің өзге де шараларын, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау;

         1-26) абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша халықтың пікірін зерделеу, талдау және есепке алу;

         1-27) әкімнің халықпен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру қорытындыларын қарау;

         1-28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

         1-29) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

         1-30) әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының және жеңілдіктердің, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ең төмен кепілдік берілген көлемді айқындау қағидаларын бекіту;

         1-31) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы шешім қабылдау, олардың құрамын және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді бекіту;

         1-32) аудандық, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін және олардың атқарылуы туралы есепті бекіту;

         1-33) тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау;

         1-34) шетел азаматтары үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту;

         1-35) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінен тыс ұсынудың тізбесі мен тәртібін бекіту;

         1-36) Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты сайланған әкімге атқаратын лауазымына сай емес деп тану түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесі келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сайланған әкімнің өкілеттігін тоқтату не оның өз міндеттерін жүзеге асыруды жалғастыруы туралы мәселені қарау.

Сайланған әкімнің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты шешімінің көшірмесі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.

         Аумақтық сайлау комиссиясы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімі негізінде сайланған әкімді өкілеттігінен айыру фактісін назарға алады;

         1-37) тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу;

1-38) облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұрату;

         1-39) коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесін келісу.          

         2) міндеттері:

Мәслихаттар өз қызметiнде:

         2-1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;

         2-2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;

         2-3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;

         2-4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi;

         2-5) мәслихаттарға Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады;

         2-6) мәслихаттар қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс;

         2-7) мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады;

         2-8) мәслихат төрағасын сайлайды және лауазымынан босатады және оның есептерiн тыңдайды;

         2-9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;

         2-10) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;

         2-11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға, әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi;

         2-12) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;

         2-13) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;

         2-14) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.

  1. Функциялары:

         1) аудандық мәслихат сессияларын өткізудің әзірлік және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету;

         2) жалпы отырыстарға, тұрақты және уақытша комиссиялар отырыстарына қатысу, аудандық мәслихат шешімдерін, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдерінің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;

         3) аудандық мәслихат Регламентіне сәйкес сессия хаттамаларын, шешімдер жинақтарын ресімдеу;

         4) сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға әзірлеу және олардың орындалысына бақылау;

         5) депутаттық корпусты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық - техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерінің жүзеге асырылуына жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, депутаттар сауалдарының және өтініштерінің уақытылы қаралуына бақылау;

         6) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде депутаттар мен айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді қорыту және есепке алуды жүргізу;

         7) аудандық мәслихаттың шешімдері мен өзге де құжаттарының таратылуын қамтамасыз ету;

         8) аудандық мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;

         9) ауданның сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу;

         10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және аудандық мәслихаттың шешімдерімен оған жүктелген функцияларды орындайды.

         3-тарау. Мәслихат төрағасы

 

  1. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ басқаруды бірінші басшы -Нұра аудандықмәслихатының төрағасы жүзеге асырады, ол «Нұра аудандық мәслихат аппараты» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Мәслихаттың төрағасы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың төрағасы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
  3. Нұра аудандықмәслихатының төрағасының орынбасарлары болмайды.
  4. Нұра аудандықмәслихатының төрағасының өкілеттіктері:

         1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      1-1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;

         1-2) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

         2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

         3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

         4) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

         5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

         6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

         6-1) осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

         7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

         8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

         9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

         10)мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

         11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

  1. Мәслихат төрағасының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
  2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
  3. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде мәслихат депутаттарының дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

 

 

4-тарау. Мәслихат аппараты басшысының құзыреті

     

Мәслихат аппаратының басшысы:

1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

 5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

         «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ бекітілген мүліккоммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

6-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Нұра аудандықмәслихат аппараты» ММ қайта ұйымдастыру жәнетарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Дата публикации
10 ноября 2022