Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 «Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

НҰРА АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТЫ

 

НУРИНСКИЙ РАЙОННЫЙ

МАСЛИХАТ

КАРАГАНДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

 

ШЕШІМ

 

РЕШЕНИЕ

2026 жылғы 07 қазан№ 286

 

              Нұра кенті                                                                                                                  поселок Нура                                                

 

 

 

 

Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 «Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

         Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 468 «Нұра ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6001 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

         1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысы Нұра аудандықмәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі:

         1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды облысы Нұра аудандықмәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Нұра аудандық

         мәслихатының төрағасы                                                    К. Жунусбеков

 

Дата публикации
07 октября 2026