Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы»Заңдарына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген), Нұрааудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1, 2-қосымшасына сәйкес Нұраауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесі анықталсын.
  2. «Нұрааудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

- осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Нұра аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 95 «Нұра ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25702 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Аудандық

         мәслихаттың төрағасы                К. Жунусбеков

 

Дата публикации
24 июня 2026