Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясының бос орындары туралы ХАБАРЫ

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының

учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясының

бос орындары туралы

ХАБАРЫ

 

 

            Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (Бұдан әрі-сайлау туралы Заң) 10-бабына сәйкес, Қарағанды облысының Нұра аудандық мәслихаты учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының бос орындары туралы хабарлайды.

            Учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының мүшелерін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.

            Әрбір саяси партия тиісті учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

            Саяси партия учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға құқылы.

            Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда аудандық мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының сайлайды.

            Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 27 сәуірдің сағат 09.00-дан 11 мамырының сағат 18.00-ге дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

  • белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

            2) тиісті учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

            3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

            4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері;

            5) жеке куәлігінің көшірмесі.

Учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері аудандық мәслихаттың сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-nurinsk?lang=kk).

            Учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адам сайлау туралы Заңның талаптарына сай болуы керек.

            Учаскелікжәне аумақтықсайлау комиссиясының мүшесі мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

            Учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

            Бір учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

            Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

 

            Учаскелік және аумақтықсайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 6 мамырынадейін дүйсенбі жексенбі арасында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

            Мәслихаттың орналасқан жері: Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44.

 

            Жауапты тұлға:НазгүлҚанаят, кабинет № 5, қызметтік телефон: 8 (721 44) 22 780, ұялы телефон: 8 777 290 92 93, электрондық пошта мекен-жайы: maslihatnurinsk@mail.ru.

 

 

 

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты 3 учаскелікжәне 1 аумақтық сайлау комиссиясының бос орындарына мүшелерін сайлайды:

 

Учаскелік сайлау комиссиясы – 3:

 

№

 

Сайлауучаскесініңнөмірі

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

 

Сайлауучаскесініңмекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Бос орын саны

1

520

Мәдениет үйінің ғимараты

Байтуған ауылы, М.Әуезов көшесі, 42

5

1

2

528

Мәдениет үйінің ғимараты

Кертінді ауылы, Б.Мамраева көшесі, 9.

 

5

 

1

3

542

Білім беретін мектеп ғимараты

Қарақасқа ауылы, Абай көшесі, 9

5

1

 

Аумақтық сайлау комиссиясы – 1:

 

№

 

Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы

 

Сайлау

Учаскесінің

мекенжайы

Комиссия мүшелерінің саны

Бос орын саны

1

«Болат Әбдікаримов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» ғимараты

Жауынгер интернационалисттер 70

7

1

 

 

 

Қарағанды облысы

Нұра аудандық мәслихаты

 

Дата публикации
22 апреля 2026