Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық мәслихаты 8 округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы 18 қаңтардан бастап 1 ақпанғаға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 1 ақпанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ға дейін.
Қарақаралы аудандық мәслихаты
Қарақаралы аудандық мәслихаттың төрағасы – Оспанов Саят Кайратович.
Мәслихаттың орналасқан жері: Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 23 үй.
Жауапты адам – Жекей Рәбиға Серікқызы, каб. № 23, қалааралық телефон коды (87146), қызметтік телефон-факс 32941, электрондық пошта мекенжайы rai_mas@mail.ru
Қарқаралы аудандық мәслихаты 8 округтік сайлау комиссияларының
бос тұрған орнына мүшелерін сайлайды:
|
№ р/б |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
||
|
Қарқаралы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссиясы - 8 |
|||||
|
1. |
№ 1 Мәди сайлау округі
|
Қарқаралы қаласы, «Қарқаралы қаласының Мәди Бапиұлы атындағы № 44 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдык мемлекеттік мекемесі, Мәди көшесі, 1 үй;
|
1 |
||
|
2. |
№ 3 Жәнібеков сайлау округі
|
Қарқаралы қаласы, «Қарқаралы қаласының академик О.А. Жаутыков атындағы жалпы білім беретін № 1 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жәнібеков көшесі, 38 үй; |
2 |
||
|
3. |
№ 4 Абай сайлау округі
|
Қарқаралы қаласы, «Балалар және жас өспірімдер орталығы», коммуналдық мемлекеттік мекемесі В.Рей көшесі, 50 үй; |
1 |
||
|
4. |
№ 5 Металлург сайлау округі
|
Қарағайлы кенті, «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің жалпы білім беретін № 16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 19-квартал, 20А үй; |
1 |
||
|
5. |
№ 6 Мектеп сайлау округі
|
Қарағайлы кенті, «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің жалпы білім беретін № 17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ленин көшесі, 46 үй; |
1 |
||
|
6. |
№ 7 Қазыбекби сайлау округі
|
Егіндібұлақ ауылы, Егіндібұлақ ауылының «Мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Мәди көшесі, 14 үй; |
1 |
||
|
7. |
№ 8 Бесоба сайлау округі |
Тегісшілдік ауылы, Тегісшілдік ауылының клубы, Т.Әубәкіров көшесі, 7 үй; |
1 |
||
|
8. |
№ 9 Көктас сайлау округі |
Көктас ауылы, Көктас ауылының клубы, Молодежный көшесі, 29 үй; |
3 |
||
Қарқаралы аудандық мәслихаты