«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Қарқаралы аудандық мәслихат аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.07.2026 - 17.07.2026

Қабылдау 1 этап: 16.07.2026- 17.07.2026

Қабылдау 2 этап: 20.07.2026

Практикалық бағалау: 21.07.2026

Анықтама телефоны: 87016526902

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Қарқаралы аудандық мәслихат аппаратының бас маман - бухгалтері, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Аудандық мәслихаттың бухгалтерлік есебін жүргізеді. Бюджеттік қаржының толық және уақытында игерілуін қамтамасыз етеді. Бюджеттік ұсынымды мерзіміне сәйкес жасалуын жүзеге асырады. Тауар және қызмет көрсету түрлеріне мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын уақытымен бекітілуін қамтамасыз етеді және түзетулер енгізеді. Салық және статистикалық есептерді уақытылы тапсыруды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің жүргізілуіне байланысты барлық бағдарламалармен жұмыс істейді. Аппаратта еңбек шартымен жұмыс істейтіндердің жұмысын Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» шеңберінде іс жүзіне асырады.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: бизнес және басқару

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот


тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
16 июля 2026