Жер комиссиясының құрамын және Жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Жер комиссиясының құрамын

және Жер комиссиясы туралы

ережені бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15 -бабы 1- тармағының 5-3) тармақшасына, 43, 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы №359 «Жер комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы»  бұйрығының негізінде, аудандық мәслихат  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жер комиссиясының келесі құрамы бекітілсін:

Амралин Серик Кабылович – Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Мязов Нурдаулет Мязович – «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Гнусова Ирина Николаевна – «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;

комиссия мүшелері:  

Курмангалиев Манат Салимович – «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;      

Аяпбергенов Алмас Хазбулатович – «Бұқар жырау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;

Аманжолов Ерсин Жолдыбаевич – Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша);

Дакирова Аклима Кайруллина – Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының Бұқар жырау ауданы филиалының директоры (келісім бойынша);

Жаканов Нурлыбек Калыкович  – «Әділет»  шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша);

Энс Сергей Владимирович – «Бирлик»  шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша);

  Жанзаков Ойрат Буркитбаевич – «Ойрат»  шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша);

  Корпебаев Дулат Шаймерденович – «Дарын»  шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша);

  Салащенко Павел Владимирович – Бұқар жырау ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшеcі (келісім бойынша).

  Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес жер учаскелерін берілген жағдайда жер комиссиясының құрамына:

1)жер учаскесі аумағында орналасқан кенттер, ауылдар, ауылдық округтердің әкімдері;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысы өкілеттік берген жер учаскесі аумағында орналасқан тиісті кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті өкілдері кіреді.

  1. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Жер комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихатының шешімдері жойылсын.

 

 

     Мәслихат төрағасы                                                        А. Әли  

Дата публикации
27 февраля 2026