1.Аудандық мәслихаттың сессияларында келесі мәселелерді қарау:
І-тоқсанда:
Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы туралы аудан әкімдігінің 2025 жылғы есебі жөнінде.
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі жөнінде.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссиясының есебі туралы.
ІІ-тоқсанда:
2025 жылғы аудандық бюджеттің, ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін дамыту және күтіп-ұстау мәселелері бойынша аудан әкімдігінің есебі туралы.
Экономика, бюджеттік саясат, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
ІІІ-тоқсанда:
Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.
Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2026-2027 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.
Ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.
Әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
ІV-тоқсанда:
Аудандық мәслихат төрағасының мәслихаттың 2026 жылғы атқарған жұмысы жөніндегі есебі туралы.
2027-2029 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2027 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
2027-2029 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
«Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2027 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.
Аудандық мәслихаттың 2027 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
(жеке жоспарлар бойынша).
(белгіленген кестеге сәйкес).