Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2025-2026 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.

Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс

объектілерінің және коммуналдық

тұрғын үй қорының 2025-2026 жылдағы

қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы

туралы

 

 

«Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.О.Жанбырбаевтың «Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2025-2026 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы» баяндамасын тыңдап, аудандық мәслихат ауданның  әлеуметтік мәдени-тұрмыстық  объектілері мен  тұрғын үй қорының 2025-2026 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы бойынша ауданда айтарлықтай жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Білім беру мекемелерінің барлығында жылыту жүйелерін ретке келтіру, ағымдағы жөндеу, жуу және тұщыту жұмыстары жүргізілді. Көмір толық көлемде жеткізілді

Тұрғын үй секторының жылуын қамтамасыз ететін модульдік қазандықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, оған күл шығару және көмір беру жүйелерін орнату және автоматтандыру, қазандықтардың қуатын арттыру, жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жылу желілерін жөндеу және ішінара ауыстыру жұмыстары кірді.

Электр қуатымен және сумен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетушілер тарапынан жоспарлы  түрде  қажетті профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының қысқы кезеңгі жұмысқа дайындығында  жекелеген кемшіліктер анықталды:

аудандық орталық аурухананың қазандығындағы қазандықтары көрсетілген қуаттылыққа сәйкес келмейді және резервтік қазандығы жоқ;

Гагарин ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің жылыту жүйесі апатты жағдайда тұр;

Центральное ауылының ауылдық клубында екі қазандықтың біреуі апаттық жағдайда тұр;

Қарақұдық ауылы клубының қазандығы ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді;

Қызылқайың ауылындағы ауылдық мәдениет үйінде резервтік қазандық орнатылмаған;

Ғ.Мұстафин кентіндегі «Росинка» балабақшасы мен Алғабас негізгі орта мектебінде және Мәшhүр Жүсіп атындағы ЖББ мектебінде блокты-модульдік қазандық  орнату жұмыстары аяқталмаған;

Қушоқы кентінің орталық қазандығында 2 км орамішілік жылу желілерін ауыстыру жұмыстары аяқталған жоқ;

Доскей ауылындағы модульдік қазандықтың су беру қуатын арттырып, тұрақты электрмен жабдықтау қажет;

Ғ.Мұстафин кентіндегі жұмыс істеп тұрған модульдік қазандыққа электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу қажет етеді;

          Ботақара кентіндегі модульдік қазандықтарда келесідей:

Әуезов көшесі бойынша - ескі қазандықтарды жаңа қуаты күшті қазандықтарға ауыстыру;

Абылай хан көшесі бойынша - қуаттылығын арттыру, оның ішінде түтін шығару құбырын орнату, қазандық орнатылған ғимаратты кеңейту, қосымша қазандық пен автоматтандырылған күл шығару жүйесін орнату;

Бұқар жырау көшесінің 56А мекенжайы бойынша - қазандықтың қуаттылығын арттыру бойынша екі қазандық пен жылу желілеріне теңгерімдік клапандарын орнату жұмыстары жүргізілмеген.

Барлық модульдік қазандықтарда қатты отын қоры жетіспейді, сондай-ақ уақтылы төлемді қамтамасыз ету және өтелмеген коммуналдық төлемдерді азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілмейді, бұл қызмет көрсетушінің мүмкіндіктерін шектеуге әкеледі.

Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.О.Жанбырбаевтың «Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2025-2026 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы» баяндамасы назарға алынсын.
  2. Аудандық әкімдікке, ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың басшыларына:

          осы сессия барысында  аталған, 2025-2026 жылдағы әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы кезінде жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау;

2025 жылғы 15 қазанға дейінгі мерзімде сеніп тапсырылған объектілердің жылыту маусымына 100% дайындығын қамтамасыз ету  ұсынылсын.

  1. «Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.О.Жанбырбаев):

2025 жылғы 10 қазанға дейін мерзімде келесідей: Қушоқы кентіндегі орамішілік жылу желілерін жөндеу, Доскей ауылындағы қазандықтың су беру қуатын арттыру, Ғ. Мұстафин кентіндегі жұмыс істеп тұрған қазандықтың электр жабдықтарына ағымдағы жөндеу жүргізу және Ботақара кентіндегі Бұқар жырау көшесі 56А мекенжайындағы қазандықтың қуаттылығын арттыру жұмыстарын аяқтау ұсынылсын.

  1. Ботақара кентінің әкіміне (А.К. Отынчиев):

2025 жылғы 10 қазанға дейін Ботақара кентіндегі модульдік қазандықтар бойынша жұмыстардың аяқталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. «Бұқар жырау ауданының аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысының м.а. (А.С.Мергембаева) орнатылған қазандықтардың қуатын көрсетілген, талап етілетін деңгейге жеткізу және резервтік қазандық орнату бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
  2. «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (Е.С.Ермек) Ғ.Мұстафин кентіндегі «Росинка» балабақшасына, Алғабас негізгі орта мектебіне (Керней ауылдық округі), М.Жүсіп атындағы ЖББ мектебіне (Новоузенка ауылы) блокты-модульдік қазандық орнату жөніндегі жұмыстарын ерекше бақылауға алу ұсынылсын.
  3. «Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы К.А.Талашевке Гагарин және Центральное ауылдарының ауылдық клубтарының жылыту жүйесінің жағдайы мен Қарақұдық ауылы клубының қазандығына ағымдағы жөндеу жүргізуді және Қызылқайың ауылдық мәдениет үйінің жылу беру маусымының өтуін ерекше бақылауға алу ұсынылсын.
  4. Ботақара (А.К. Отынчиев), Қушоқы (Х.Ж. Рыспеков), Ғ.Мұстафин (Б.К. Ускембекова) кенттерінің, Доскей (Р.Ж. Исаинов) және Үштөбе (А.Қ. Копбаева) ауылдық округтерінің әкімдеріне, «Бұқар жырау ауданының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» (Б.О. Жанбырбаев), «Бұқар жырау ауданының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» (А.А.Искакова) мемлекеттік мекемелеріне 2025 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде жылыту маусымына дайындықты және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындық актілерін ресімдеу жөніндегі жұмыстар аяқталсын.
  5. Барлық жауапты басшыларға қатты отын қорының қажетті көлемін уақтылы жеткізу жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын. Коммуналдық қызметтер бойынша берешек-қарыздарды азайту бойынша жұмысы жүйелі түрде жүргізілсін.
  6. Аудан әкімдігіне:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 7) және 11) тармақшаларына сәйкес қысқы кезеңде аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау бойынша, су құбырларының, тазарту құрылыстары мен жылу және электр желілерінің, басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің, байланыс желілерінің  үздіксіз  жұмысы қамтамасыз етілсін;

2025 жылдың 20 қазанына дейін аудандық мәслихат аппаратына 2025-2026 жылдағы ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері мен коммуналдық тұрғын үй қорының  қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы қорытынды ақпараты берілсін.

  1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №6 «Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2024-2025 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы» шешімі бақылаудан алынсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бұқар жырау аудандық мәслихатының экономика, бюджеттік саясат, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Ж. Аманжолов) және әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Н.Акишев) жүктелсін.

 

 

          Мәслихат төрағасы                                                       А. Әли

Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2025-2026 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.
Дата публикации
13 октября 2025