Аудандық мәслихаттың отыз алтыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Аудандық мәслихаттың

отыз алтыншы сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

  

 

Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың отыз алтыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.
  2. Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2025-2026 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.
  3. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 25 сессиясының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №4 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 25 сессиясының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №7 «2025-2027 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының,  кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.
  6. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 6  «Бұқар жырау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. Бұқар жырау аудандық мәслихатының  34 сессиясының 2025 жылғы 26 маусымдағы  №9 «Кәмелетке толмағандардың істері  және олардың құқықтарын қорғау  жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс  енгізу туралы.
  8. 8. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 34 сессиясының 2025 жылғы 26 маусымдағы №11 «Үштөбе ауылдық округі әкімінің  жанындағы кәмелетке толмағандардың істері  және олардың құқықтарын қорғау  жөніндегі  комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс  енгізу туралы.
  9. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 30 сессиясының 2025 жылғы 27 наурыздағы №10 «Ғ. Мұстафин кенті әкімінің  жанындағы кәмелетке толмағандардың  істері  және олардың құқықтарын қорғау  жөніндегі комиссияның

 дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс  енгізу туралы.

  1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының  34 сессиясының 2025 жылғы 26 маусымдағы №10 «Доскей ауылдық округі әкімінің  жанындағы кәмелетке толмағандардың  істері  және олардың құқықтарын қорғау  жөніндегі  комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс  енгізу туралы.
  2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 34 сессиясының 2025 жылғы 26 маусымдағы №12 «Бұқар жырау ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс  енгізу туралы.
  3. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 27 сессиясының 2025 жылғы 5 ақпандағы №5 «Жер комиссиясының құрамын және Жер комиссиясы туралы

ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

  1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 5 «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің орындалу барысы туралы.
  3. Әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
  4. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 

          Мәслихат төрағасы                                                                 А. Әли

Дата публикации
13 октября 2025