Аудандық мәслихаттың отыз төртінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Аудандық мәслихаттың

отыз төртінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

 

Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудандық мәслихаттың отыз төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Н.Н. Рахимбаевтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  2. 2024 жылғы аудандық бюджеттің, ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы.
  3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін дамыту және күтіп-ұстау мәселелері бойынша аудан әкімдігінің есебі туралы.
  4. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы №8 «Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №5 «Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  7. Доскей ауылдық округі әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың

істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

  1. Үштөбе ауылдық округі әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  2. Бұқар жырау ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  4. Экономика, бюджеттік саясат, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.
  5. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 Мәслихат төрағасы                                                  А. Әли

Дата публикации
09 июля 2025