Бұқар жырау аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің
сапалық құрамы .
- Бұқаржырау аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 27 ақпандағы №7 өкімімен Бұқаржырау аудандық Қоғамдық кеңесінің 13 адамнан тұратын жаңа құрамы бекітіліп, аудандық газетте және Бұқаржырау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жарияланды.
- Жаңа Қоғамдық кеңес мүшелерінің орташа жасы – 40 жас. 35 жасқа дейінгі жастар – 6 (46,1%). 36-дан 45 жасқа дейінгі – 2 адам (15,3%); 46-дан 57-ге дейін – 4 адам (30,7%); 58 және одан жоғары – 1 (7,6%);
- 9 адам жоғары білімді, бұл 69%.
- Анықтама үшін: ерлер – 8, әйелдер – 5.
- Ұлты бойынша: қазақтар – 10 (77%), орыстар – 3 (23%).
- Аудандық Қоғамдық кеңес құрамына 2 саяси партияның өкілдері кірді: «АМАНАТ» 7 адам, «Ақ жол» 1 адам, партиясыз 5 адам.
- Қоғамдық кеңестің құрамына 2 шаруа қожалығы қызметкері, 5 бюджеттік сала қызметкері, 1 мемлекеттік қызметші, 2 қоғам қайраткері, 3 ЖШҚ қызметкері кіреді.
- Қоғамдық кеңестің құрамы 76,9%-ға жаңартылды. Алдыңғы командадан 3 адам.
Қоғамдық кенесінің төрағасы М.А.Байгожин