Аудандық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ

 

1.Аудандық мәслихаттың сессияларында келесі мәселелерді қарау:

 

І - тоқсанда:

Ауданның атқарушы органдарының аудандағы мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету, тарихи және мәдени мұраларын сақтау, аудан аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі жұмысы туралы.

Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың  іске асырылу барысы туралы аудан әкімдігінің 2024 жылғы есебі жөнінде.

          Бұқар жырау ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша  консультациялық-кеңесші органның 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есебі жөнінде.

          Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу бойынша комиссиясының есебі туралы.

                             

ІІ – тоқсанда:

2024 жылғы аудандық бюджеттің, ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы.

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға  ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін дамыту және күтіп-ұстау мәселелері бойынша аудан әкімдігінің есебі туралы.

Экономика, бюджеттік саясат, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті  және коммуналдық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.

 

ІІІ – тоқсанда:

Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.

Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2025-2026 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.

Ауданның кенттері, ауылдары, ауылдық округтері әкімдерінің салық жинауды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.

салық төлеушілер - жеке тұлғалар төлейтін мүлікке, көлік құралдарына, жер салығын жинауды ұйымдастыру, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу жөніндегі жұмысы туралы.

Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің орындалу барысы туралы.

Әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.

 

ІV-тоқсанда:

Аудандық мәслихат төрағасының мәслихаттың 2025 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі туралы.

2026-2028  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

          Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.

2026-2028 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.

Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

«Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.

 
  1. Тұрақты комиссиялардың жұмысы

(жеке жоспарлар бойынша).

 

  1. Депутаттардың және аудандық мәслихат аппараты

қызметкерлерінің оқуы (жеке жоспар бойынша).

 

  1. Депутаттардың азаматтарды қабылдауы

(белгіленген кестеге сәйкес).

 

  1. Аудан әкімінің, ауылдар, кенттер, ауылдық округтері әкімдерінің есеп беру кезінде кездесулеріне қатысу (өткізу бойынша).

6. Депутаттардың депутаттық өкілеттігін атқару, сайлау алды бағдарламаларының тармақтарын орындау, азаматтардың мәселелері мен оларды шешу бойынша аудандық «Buqar jyraý jarshysy» газетінде және әлеуметтік желілерде мақалаларының жариялымы (үнемі).

Дата публикации
14 января 2025