Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2023 жылғы
28 желтоқсандағы №4 «Бұқар жырау аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 03 қыркүйектегі №45 шешімінің негізінде және саяси партиялармен және қоғамдық бірлестікпен ұсынылған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа мүшелерін сайлау жөнінде аудандық мәслихат депутаттарының дауыс беру қорытындылары бойынша, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №4 «Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімге қоса беріліп отырған Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамында:
1) аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамынан Данильченко Любовь Михайловна алып тасталсын;
2) аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына Кутжанов Дамир Махмутович қосылсын.
Мәслихат төрағасы А. Әли