Аудандық мәслихаттың
жиырма бесінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың жиырма бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
- Аудандық мәслихат төрағасының есебі туралы.
- Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
- 2025-2027 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.
- «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылға арналған жеке қаржыландыру жоспарын бекіту туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №4 «Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 25 сессиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №6 «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №5 «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бұқар жырау ауданы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бойынша комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
- Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Мәслихат төрағасы А. Әли